ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
КАРАГАНДИНСКИЙ ТРАНСПОРТНО-ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
г. Караганда, Муканова 21/2
+7 7212 77-02-92
admin@kttk.kz

КАРАГАНДИНСКИЙ ТРАНСПОРТНО-ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ

МЕНЮ

Қарағанды көлік – технологиялық колледж әкімшілігі және ұжымы  1-ші қыркүйек  сағат 11.00 – де өткен  Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі жолдауын тікелей эфирде  көріп, тыңдадық.  Жолдау басында ең басты құндылығымыз Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен құттықтап, осы жылдар ішінде еліміздің жеткен жетістіктерін тілге тиек етті. Мемлекет басшысы Жолдауында әлем елдерін жайлаған індет туралы айтып өтіп, қазіргі таңда қолға алынған вакцина ғана адамзаттың көңілін алаңдатып, біраз елдерді, оның ішінде біздің елге қауіп тудырған індетке тоқтау болатындығын жеткізді.Елімізді нақты стратегиялық дамуға бастайтын бұл Жолдау барлық саланы түгелдей қамтыды.  Айтылған мәселелердің ішінде білім саласын көтеру мақсатында көптеген жобаларды іске асыру жоспарланды. Қазіргі жаһандық өзгерістер кезеңінде түлектің білімі еңбек нарығына шыққанға дейін-ақ жеткіліксіз болып қалуы  мүмкін екендігі айтылып,  құзырлы министрліктің алдында оқу бағдарламаларын жаңа жағдайға бейімдеу міндеті жүктелді.  Біздің білім беру жүйеміз қолжетімді әрі инклюзивті болу керектігі қарастырылды. Сонымен бірге, жағымды жаңалықтар  биыл бірнеше оқушы халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанғандығы  және ондай дарынды балаларға жан-жақты қолдау көрсетіп,  оларға жоғары оқу орнына түсу үшін конкурстан тыс гранттар берілуді тапсырылды.  Және тұрмысы төмен отбасында өсіп жатқан балаларға орта білім берудің жалпыға міндетті стандарты аясында қолдау көрсету керектігі алға қойылды.  Сонымен қоса білім сапасын ұлғайту мақсатында білім беретін мекемелер санының артып жатқандығы атап айтылды. Балаларды ерте жастан мамандыққа бейімдеп,  өскелең ұрпақ өзінің болашақ кәсібін саналы түрде таңдай білуге тиіс екендігі  бүгінгі таңда  «Тегін техникалық және кәсіби білім беру» жобасын жүзеге асыруды жалғастырып,  сұранысқа ие барлық мамандық бойынша техникалық және кәсіби білім жүз пайыз тегін берілетіндігі жоспарланды.

© 2023. Все права защищены.